Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды
Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазцинк» компаниясындағы жағдай бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды «24KZ»
Ол Үкімет отырысы басталмас бұрын Төтенше жағдайлар және экология министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдап, нәтижелері туралы өзіне баяндауды тапсырды.
«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», – деді Премьер-министр.
Өскеменде «Қазцинк» компаниясында жарылыс болғанын бұған дейін айтқан болатынбыз.