Алматы облысында жасөспірім көлік тізгіндеп, 12 жастағы баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облысы полиция департаменті растады, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға Тұйғын ауылында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісін анықтап, ұстаған.
– Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған JAC автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оның ата-анасына да екі бап бойынша әкімшілік шара қолданылды, – делінген ресми хабарламада.
Көлік айыптұраққа қойылған. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Қорытынды процессуалдық шешім зардап шеккен баланың медициналық қорытындысы мен ауруханадан шығуынан кейін қабылданады.
Тегтер #Алматы обл #жасөспірім #көлік апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz