Алматы облысында жасөспірім көлікпен 12 жастағы баланы қағып кетті
Алматы облысында жасөспірім көлік тізгіндеп, 12 жастағы баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облысы полиция департаменті растады, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға Тұйғын ауылында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісін анықтап, ұстаған.
– Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған JAC автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оның ата-анасына да екі бап бойынша әкімшілік шара қолданылды, – делінген ресми хабарламада.
Көлік айыптұраққа қойылған. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Қорытынды процессуалдық шешім зардап шеккен баланың медициналық қорытындысы мен ауруханадан шығуынан кейін қабылданады.