5 шілде күні шамамен сағат 16:00-де Индер ауданының Есбол ауылында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
13 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Ол Жайық өзеніне ағасымен бірге барған.
Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, алайда жасөспірімнің денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Атырау облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz