Атырау облысында суға батқан 13 жастағы жасөспірімді іздеу жалғасуда

Фото: ЖИ арқылы жасалған

5 шілде күні шамамен сағат 16:00-де Индер ауданының Есбол ауылында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

13 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Ол  Жайық өзеніне ағасымен бірге барған.

Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, алайда жасөспірімнің денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз