«Алматы — Өскемен» тасжолында көлік екі жаяу жүргіншіні қағып, екеуі де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Жол-көлік оқиғасы 6 қыркүйекке қараған түні аталған тасжолдың 18-шақырымында болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.
Алматы облысының полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.
Полицияның алдын ала мәліметінше, 6 қыркүйекте «Алматы — Өскемен» тасжолының 18-шақырымында 37 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан екі егде жастағы ер адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір жол апатының мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #жол апаты #Алматы облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz