Алматы – Өскемен тасжолында екі жаяу жүргінші қаза тапты

Фото: ЖИ арқылы жасалған

«Алматы — Өскемен» тасжолында көлік екі жаяу жүргіншіні қағып, екеуі де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Жол-көлік оқиғасы 6 қыркүйекке қараған түні аталған тасжолдың 18-шақырымында болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Алматы облысының полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.

Полицияның алдын ала мәліметінше, 6 қыркүйекте «Алматы — Өскемен» тасжолының 18-шақырымында 37 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан екі егде жастағы ер адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жол апатының мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: