Семейде маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды 24KZ.
Жол апаты бүгін, 16 қыркүйекте сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы мен Энергетик көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жолда тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмылдырылды. Қазір жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Тегтер #автобус #көлік апаты #24жаңалықтар #24KZАталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz