Семейде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Семейде маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды 24KZ.
Жол апаты бүгін, 16 қыркүйекте сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы мен Энергетик көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жолда тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмылдырылды. Қазір жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.