RU
Толық нұсқаға өту
жеке мұрағатынан

Рэпер Navai-дің қамалуы: Сыртқы істер министрлігі Ресей нотасына пікір білдірді

16.10.2026, 14:29 38

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолдап, ресейлік әнші Наваи Бакировтың қамауға алынуыны мән-жайын түсіндіруді сұраған еді. Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түсінік берді, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан, Ресей Федерациясының қамауға алынған азаматтары туралы ақпарат пен олардың тұрған жерін беруді сұраған нота келіп түсті. Бұл консулдық жұмыстағы стандартты тәжірибе болып табылады. ҚР СІМ құқық қорғау органдарына тиісті сұрау жібереді, - деп атап өтті министрлікте.

Естеріңізге сала кетсек, танымал рэпер Наваи Бакиров 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға өтер тұстағы «Қордай» өткізу пунктінде ұсталды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол мінген көліктен есірткі табылып, тәркіленген. Өнер иесі уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 қазанда сот оны қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта есірткі контрабандасы және оны заңсыз сақтау баптары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Музыканттың жеке концерті 14 қазанда Астанада өтуі тиіс болған. Алайда билет сатушылар кештің «техникалық себептерге байланысты» өтпейтінін хабарлап, көрермендерге ақшасы қайтарылатынын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz