Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес адам мерт болды.
Олардың бірі кәмелетке толмаған бала. Өрт туралы хабар 112 пультіне түнгі сағат 03-тен 44 минут кеткенде түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минутта оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар келгенде тұрғын үй толығымен отқа оранған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 35 маманы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Тегтер #Алматы #тұрғын үй #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz