Алматыда жеке тұрғын үйдегі өрттен бес адам көз жұмды
Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес адам мерт болды.
Олардың бірі кәмелетке толмаған бала. Өрт туралы хабар 112 пультіне түнгі сағат 03-тен 44 минут кеткенде түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минутта оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар келгенде тұрғын үй толығымен отқа оранған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 35 маманы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.