Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен елімізге келеді, деп хабарлайды 24kz.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сондай-ақ мәртебелі мейман 7 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Тегтер #Вьетнам #То Лам #Қасым Жомарт Тоқаев #шақырту #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz