Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері  Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен елімізге келеді, деп хабарлайды 24kz.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сондай-ақ мәртебелі мейман 7 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.