Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство басшысы министрліктің жарты жылда атқарған жұмысы жайлы баяндады. Ол армияның жауынгерлік дайындығы; көктемгі әскерге қатарына шақыру нәтижелері; әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімдеді. Өз кезегінде Президент министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #қорғаныс министрлігі #Ақорда #қабылдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz