Кавказ елдерінің қырын қабақ болуы тұтас ТМД елдеріне салқынын тигізеді.
Ал Армения мен Әзербайжанның бейбіт бітімге келуі осы аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда, Әзербайжанның Зангезур дәлізі ашылып, көлік-логистикалық қатынас өрбиді. Яғни Транскаспий көлік дәлізімен жалғанып, Шығыс пен Батыс арасындағы алыс-берісті еселеуге жол ашады, дейді сарапшылар.
Уәлихан Бахретдинов, саясаттанушы:
- Осы Транскаспий маршрутының ашылуы және де сол Зангезур коридоры Транскаспий маршрутын Әзербайжан, Армения территориясы арқылы жалғайтын болады. Әрине бұл жүк тасымалының санын еселеуге жол ашатын керемет бастама.
Тегтер #Армения #бітім #саяси дипломатия #сарапшы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz