Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz