Мемлекет басшысы Мажарстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.