RU
Толық нұсқаға өту

Президент сапарында не талқыланады?

11.11.2025, 13:05 424

Мәскеудегі мемлекеттік сапар серіктестікке жаңа серпіліс беру тұрғысынан ерекше мәнге ие. Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жазған мақаласында Владимир Путинмен өтетін келіссөзге осындай баға берді.

Негізгі жаңалық - екі ел қатынасын жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы Декларацияға қол қою болмақ. Бұл құжат байланыстың жаңа дәуіріне жол ашып, тығыз ынтымаққа әзірліктің бұрын-соңды болмаған деңгейін растайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жазбада экономикалық ықпалдастыққа да ерекше тоқталған. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 20 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп келеді. «Бұл жай ғана статистика емес — бұл өзара тиімді серіктестіктің нақты нәтижесі», - деді мемлекет басшысы. Келіссөздер кезінде атом электр станциясын салу тақырыбы тыңғылықты талқыланады. Көлік-логистика саласында да қарайтын мәселе көп. Соның ішінде «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі, Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолына ерекше көңіл бөлінеді.

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz