Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.
Жиын Өзбекстан Президентінің төрағалығымен өтеді. Кездесу аймақтық қарым-қатынасты тереңдетіп, Орталық Азиядағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар консультативтік кездесулер форматының нормативтік-құқықтық және институционалдық негізін нығайтуға бағытталған маңызды құжаттар талқыға түседі.
Орталық Азия плюс (C5+) форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де қарастырылады. Бұл аймақтың АҚШ, Қытай, Ресей және ЕО сияқты жетекші әлемдік державалармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді әрі Орталық Азияның халықаралық маңызын нығайтады.
Тегтер #Әзербайжан #Орталық Азия #Қасым Жомарт Тоқаев #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz