Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуі өтеді
Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.
Жиын Өзбекстан Президентінің төрағалығымен өтеді. Кездесу аймақтық қарым-қатынасты тереңдетіп, Орталық Азиядағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар консультативтік кездесулер форматының нормативтік-құқықтық және институционалдық негізін нығайтуға бағытталған маңызды құжаттар талқыға түседі.
Орталық Азия плюс (C5+) форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де қарастырылады. Бұл аймақтың АҚШ, Қытай, Ресей және ЕО сияқты жетекші әлемдік державалармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді әрі Орталық Азияның халықаралық маңызын нығайтады.