Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің форумы басталады, деп хабарлайды 24KZ. Жиынға Президент қатысады.
Қазіргі уақытта ауыл басшыларын халық өзі сайлайды. Соның бір жемісі ауыл әкімдерінің корпусы 100% жаңарды. 17 өңірде 3429 әкім сайланды. Оның 790-нан астамы өзін-өзі ұсынғандар. Қайта сайланған әкімдердің 345-і әйел. Әйтсе де қазіргі ауыл басшыларының жартысынан көбі бұрын мемлекеттік қызметте істемеген. Олардың қатарында мұғалім, дәрігер, шаруа, кәсіпкерлер бар. Жергілікті әкімдердің дені 40-тан асқан.
Тегтер #ауыл әкімі #сайлау #Астана #форум #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz