2029 жылға дейін «Ауыл аманаты» бағдарламасына 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Президент ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керектігін айтты.
Алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев кооперативтердің ауыл экономикасының тірегіне айнала алмағанын тілге тиек етті. «Бірлестік құру бүкіл ел бойынша жүргізілуі керек. Сонда ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді», – деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында екі жылда 20 мың жұмыс орны құрылған.
Тегтер #президент #Ауыл аманаты #Ауыл әкімдерінің форумы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz