Президент: «Ауыл аманаты» бағдарламасына ₸600 млрд бөлінеді

2029 жылға дейін «Ауыл аманаты» бағдарламасына 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Президент ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керектігін айтты.

Алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев кооперативтердің ауыл экономикасының тірегіне айнала алмағанын тілге тиек етті. «Бірлестік құру бүкіл ел бойынша жүргізілуі керек. Сонда ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді», – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында екі жылда 20 мың жұмыс орны құрылған.