Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Комиссияны Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова басқарады. Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері Ғазиз Әбішев, Қарлығаш Жаман-құлова, танымал заңгерлер қатарынан Виктор Малиновский, бизнес-қауымдастық тарапынан Рустам Қарағойшин, қоғамдық бірлестік өкілдерінен Рауан Кенже-ханұлы, сарапшы Марат Ши-бутов және тағы басқалары кірді. Конституциялық комиссияның құрамына, Парламент депутаттары, мәслихаттардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңес-тердің, сарапшы және ғылыми қоҒамдастықтардың өкілдерінен құралған 120-дан астам адам кіреді. Кеңес құрамын жасақтауда, барлық өңірлер қамтылып, гендерлік теңгерім сақталды. Комиссияның міндеті, Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #конституциялық реформа #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz