RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасына енгізілетін бірқатар түзету цифрлы құқықты қорғайды

12.02.2026, 13:38 363

Ата заңға енгізілетін бірқатар түзетулер цифрлық құқықты қорғауға бағытталған.

 Ақтау тұрғындарының айтуынша, қоғамда белең алған интернет-алаяқтық қылмыстарға тосқауыл қою үшін азаматтардың құқығы ең алдымен цифрлық ортада қорғалуы қажет. Сондай-ақ көпшілік мәжбүрлеп некеге отыруға қатысты бөлек ереженің енгізілуін қолдайды. Тұрғындар бұл норма азаматтардың еркін таңдау құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп санайды. Айта кетейік, Конституцияның жаңа мәтінінде «неке — ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықтық одағы» деп көрсетілген.

БЛИЦ

- Қазіргі кезде елімізде қыз алып қашу, еріксіз мәжбүрлеп некеге отырғызу сияқты даулы мәселелер көбейіп кетті. Мұның соңы қайғылы жағдайға ұласып жатыр. Сондықтан осыған қатысты арнайы нормамен қарастырылып жатқаны мені қуантады. 

- Қазір қоғамда алаяқтардың құрығына түскен адам көп. Осыған тоқтау салатын уақыт келді. Дамыған ел боламыз десек, бірінші кезекте цифрлық сауаттылығымызды арттыруымыз керек деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz