Жаңа Конституция жобасына енгізілетін бірқатар түзету цифрлы құқықты қорғайды
Ата заңға енгізілетін бірқатар түзетулер цифрлық құқықты қорғауға бағытталған.
Ақтау тұрғындарының айтуынша, қоғамда белең алған интернет-алаяқтық қылмыстарға тосқауыл қою үшін азаматтардың құқығы ең алдымен цифрлық ортада қорғалуы қажет. Сондай-ақ көпшілік мәжбүрлеп некеге отыруға қатысты бөлек ереженің енгізілуін қолдайды. Тұрғындар бұл норма азаматтардың еркін таңдау құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп санайды. Айта кетейік, Конституцияның жаңа мәтінінде «неке — ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықтық одағы» деп көрсетілген.
БЛИЦ
- Қазіргі кезде елімізде қыз алып қашу, еріксіз мәжбүрлеп некеге отырғызу сияқты даулы мәселелер көбейіп кетті. Мұның соңы қайғылы жағдайға ұласып жатыр. Сондықтан осыған қатысты арнайы нормамен қарастырылып жатқаны мені қуантады.
- Қазір қоғамда алаяқтардың құрығына түскен адам көп. Осыған тоқтау салатын уақыт келді. Дамыған ел боламыз десек, бірінші кезекте цифрлық сауаттылығымызды арттыруымыз керек деп ойлаймын.