Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #Словения #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz