Мемлекет басшысы Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.   Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.   Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.