Құрылтай сайлауы күні Ташкент қаласының маңайындағы туристік орындарда жылжымалы дауыс беру жәшіктері қойылады. Осылайша, саяхаттап жүрген ел азаматтары да өз таңдауларын жасай алады.
Жалпы Өзбекстан астанасындағы нөмірі 431 сайлау учаскесі - шет мемлекеттердегі ең ірі дауыс беру орындарының бірі. Консулдық есеп бойынша көрші елде тұрақты тұратын және уақытша жүрген 800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Дауыс беру учаскесі төрағасының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да үйде таңдау жасауы үшін дауыс беру жәшіктерін жеткізетін арнайы топтар жасақталады.
Сержан Сәрсенбаев, Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі, №431 сайлау учаскесінің төрағасы:
- Ташкент маңайында орналасқан туристік орындарда сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жәшіктер болады. Және ол жұмыстар таңғы 7-ден бастап кешкі сегізге дейін кез келген Қазақстан азаматына өз таңдауын жасауға мүмкіндік жасалатын болады.
Тегтер #құрылтай 2026 #туристік орындар #дауыс беру жәшігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz