Елде 120 мың корё-сарам қауымы тұрады. Келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толады.
Екі мемлекет бірлесіп, айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Корея ұлттық ассамблеясының спикерімен кездесуінде осылай деді. Жиында тараптар қос ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың атқаратын рөліне тоқталып, екіжақты қатынастардың жекелеген аспектілеріне назар аударды. Бұдан бөлек, саяси тұлғалар қазақ этноауылына барды.
Әлішер Әли, тілші:
- Әуелеген ән, күмбірлеген күй, ұлттық би, киіз үй бәрі де Сеул шаһарына сән беріп тұр. Ханган саябағына құрылған этноауыл жерлестерімізбен қоса жергілікті жұртты да елеңдетпей қоймады. Мемлекет басшысымен бірге келген Корея ұлттық ассамблеясының спикері қазақтың салт-дәстүріне тәнті болды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады. Саябақта екі елдің туы дрондар арқылы көкке көтеріліп, дирижабль ұшырылды.
Әуесхан Ұланбек, Samsung Electronics компаниясының қызметкері:
- Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда білім алып жүрген студенттермен және еңбек етіп жүрген ел азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті. Президент жерлестермен жүздесуінде елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзгерістерге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Президент жастарға қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтты. Кездесу соңында Кореяда тұратын Қазақстан азаматтарына сәттілік тіледі.
Авторы: Әлішер Әли
Тегтер #этноауыл #корёсарам #ынтымақтастық #Қасым Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz