Қ. Тоқаев қазақ этноауылына барды
Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық диалог жаңа кезеңге қадам басты. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Ресми кездесуден кейін тараптар Сеулдің қақ ортасында орналасқан қазақтың этноауылына барды.
Әлішер Әли, тілші:
- Әуелеген ән, күмбірлеген күй, ұлттық би, киіз үй бәрі де Сеул шаһарына сән беріп тұр. Ханган саябағына құрылған этноауыл жерлестерімізбен қоса жергілікті жұртты да елеңдетпей қоймады. Мемлекет басшысымен бірге келген Корея ұлттық ассамблеясының спикері қазақтың салт-дәстүріне тәнті болды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады. Саябақта екі елдің туы дрондар арқылы көкке көтеріліп, дирижабль ұшырылды.
Әуесхан Ұланбек, Samsung Electronics компаниясының қызметкері:
- Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда білім алып жүрген студенттермен және еңбек етіп жүрген ел азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті. Президент жерлестермен жүздесуінде елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзгерістерге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Президент жастарға қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтты. Кездесу соңында Кореяда тұратын Қазақстан азаматтарына сәттілік тіледі. Сапар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арман Қырықбаев Тэджонға арнайы барды. Мәдениет және ақпарат министрі Хом Бо До жерленген мемориалдық кешенге барып, генералдың рухына тағзым етті.
Генерал Хон Бом Доның есімі екі елді байланыстыратын ортақ тарихта айрықша орын алады. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген болатын. Биыл генералдың сүйегі Кореяға жеткізілгеніне бес жыл толады.
Авторы: Әлішер Әли