Қазақтың әнін әуелетіп, ұлттық өнерін өрге сүйреген азаматтардың еңбегі жаңа мемлекеттік марапаттармен бағаланбақ, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Құрылтай депутаттары «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қарап, бір ауыздан мақұлдады. Бірі – елдің жүрегіне әнімен жол тапқан музыка майталмандарына, екіншісі – ұлттық болмысымызды бейнелеу өнері арқылы танытқан шеберлерге арналған.
Тегтер #24KZ #құрылтай 2026 #Шәмші Қалдаяқов #медаль #наградалар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz