Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградалар енгізіледі. LIVE
Қазақтың әнін әуелетіп, ұлттық өнерін өрге сүйреген азаматтардың еңбегі жаңа мемлекеттік марапаттармен бағаланбақ, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Құрылтай депутаттары «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қарап, бір ауыздан мақұлдады. Бірі – елдің жүрегіне әнімен жол тапқан музыка майталмандарына, екіншісі – ұлттық болмысымызды бейнелеу өнері арқылы танытқан шеберлерге арналған.