Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті, деп хабарлайды «24KZ» ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Тегтер #24KZ #Мұхтар Тілеуберді #АҚШ #стратегиялық әріптестік #сыртқы істер министріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz