RU
Толық нұсқаға өту

Шаруаларға кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек

28.10.2026, 13:30 34

Былтыр отандық агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 6 пайызға артып, 15 трлн теңгеге жетті. Саланың одан әрі қарқынды дамуына басымдық беріледі. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда атап өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Шаруаларға жеңілдетілген шарттармен берілген қаражат 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дегенмен соның бір бөлігі күнделікті қажеттілік пен айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсалып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz