Шаруаларға кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек
Былтыр отандық агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 6 пайызға артып, 15 трлн теңгеге жетті. Саланың одан әрі қарқынды дамуына басымдық беріледі. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда атап өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Шаруаларға жеңілдетілген шарттармен берілген қаражат 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дегенмен соның бір бөлігі күнделікті қажеттілік пен айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсалып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет.