Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббас пен оның отандастарын елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халықтың бірлігін сақтауға, елдің егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #Қ Тоқаев #құттықтау #Палестина #тәуелсіздік #жеделхатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz