Қ.Тоқаев Палестина Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббас пен оның отандастарын елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халықтың бірлігін сақтауға, елдің егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: