RU
Толық нұсқаға өту

Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды

06.07.2024, 11:18 972

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Овертаймға ұласқан ойында Испанияның бағы жанды. Қорытынды есеп 2:1. Құрлықтық доданың тағы бір ширек финалында Франция мен Португалия жолықты. Кіл мықтылар жиналған қос құрама негізгі уақытта да, экстра-таймда да гол сала алмай, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Португалия құрамасының ойыншысы Жоау Феликс 11 метрлік айып добын тебуден мүлт кетіп, Франция құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша француздар жартылай финалға жолдама алған екінші команда атанды. Айта өтейін, бүгін Англия мен Швейцария, Нидерланд пен Түркия құрамалары кездеседі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz