Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.
Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.
Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.
Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz