RU
Толық нұсқаға өту

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарри көз түйістірді

07.12.2024, 21:25 1151

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен оның ирландиялық қарсыласы Иэн Гарри салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, соңғы рет көз түйістірді, деп хабарлайды 24KZ. Ертең олар UFC 310 турнирі аясында өтетін жекпе-жекте бақ сынайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша Шавкат Рахмоновқа сайысқа қатысқаны үшін 350 мың доллар төленеді. Жеңген жағдайында бұл сома 100 мың долларға артады.

Рахмонов Гэрри жекпе-жегі Қазақстанда көрсетілмейді. Оны жексенбі күні UFC ресми сайтында, біздің уақыт бойынша таңғы 9-да стримингтік платформаларда көруге болады.

Өз кезегінде Шавкат Рахмоновтың жанкүйерлері оған жан-жақты қолдау білдіріп жатыр. Тіпті елордадағы ғимараттардың бірінде арнайы бейнеролик жарияланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz