Ресейдің Красноярск қаласындағы Иван Ярыгин турнирінде қазақ қызы Эльмира Сыздықова топ жарды.
Әйелдер күресінен 76 келі салмақта бақ сынаған Сыздықова финалда моңғол балуаны Даваанасан Енх-Амарды таза жеңді. Осылайша Сыздықова маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.
Сондай-ақ 62 келідегі Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді. Ол Беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
Осы салмақта сынға түскен Тыныс Дубек қола медаль жеңіп алды.
@kazwrestling_official
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz