Балуан Эльмира Сыздықова Ресейдегі Иван Ярыгин кубогі турнирінде жеңімпаз атанды
![Балуан Эльмира Сыздықова Ресейдегі Иван Ярыгин кубогі турнирінде жеңімпаз атанды](/media/k2/items/cache/b5b99b0a03dd02ff82a07c27b430361c_XL.jpg)
Ресейдің Красноярск қаласындағы Иван Ярыгин турнирінде қазақ қызы Эльмира Сыздықова топ жарды.
Әйелдер күресінен 76 келі салмақта бақ сынаған Сыздықова финалда моңғол балуаны Даваанасан Енх-Амарды таза жеңді. Осылайша Сыздықова маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.
Сондай-ақ 62 келідегі Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді. Ол Беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
Осы салмақта сынға түскен Тыныс Дубек қола медаль жеңіп алды.
@kazwrestling_official