Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.
Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz