Астанада 24 қаңтар күні Орталық саябақта шаңғы жарысы өтеді. Қатысушылар 16 жас мөлшері бойынша сынға түсіп, 500 метрден бастап 2,5 шақырымға дейінгі қашықтықта жарысады.
Іс-шара таңғы сағат 10:00-ден басталады. Бұл күні салауатты өмір салтын серік еткен жұртшылық үшін түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс пен белбеу күресінен тартысқа толы жарыстар өтеді деп жоспарланған.
Тегтер #орталық саябақ #Астана #шаңғыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz