Елордада шаңғы жарысы өтеді
Астанада 24 қаңтар күні Орталық саябақта шаңғы жарысы өтеді. Қатысушылар 16 жас мөлшері бойынша сынға түсіп, 500 метрден бастап 2,5 шақырымға дейінгі қашықтықта жарысады.
Іс-шара таңғы сағат 10:00-ден басталады. Бұл күні салауатты өмір салтын серік еткен жұртшылық үшін түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс пен белбеу күресінен тартысқа толы жарыстар өтеді деп жоспарланған.