RU
Толық нұсқаға өту

Australian оpen: Е. Рыбакина финалға шықты

30.01.2026, 18:30 206

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы жартылай финалда америкалық Джессика Пегулды тізе бүктірді. Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы жерлесіміз 2:0 есебімен жеңіп, өзара бәсекелестіктің нүктесін қойды. Енді Елена  финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz