Australian оpen: Е. Рыбакина финалға шықты
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы жартылай финалда америкалық Джессика Пегулды тізе бүктірді. Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы жерлесіміз 2:0 есебімен жеңіп, өзара бәсекелестіктің нүктесін қойды. Енді Елена финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады.