RU
Толық нұсқаға өту

Норвегия Олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

23.02.2026, 07:56 263

Норвегия Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медальдардың саны бойынша рекорд орнатты. 

Милан мен Кортинадағы жарыстарда ел құрамасы 18 алтын жүлде ұтып алған. Осыдан 4 жыл бұрын норвегтер 16 алтын иеленген еді. Сондай-ақ олар 12 күміс және 11 қолаға қол жеткізіп, жалпы медаль саны бойынша да үздік атанды. 32 жүлде, оның ішінде 11 алтын алған АҚШ екінші орынға табан тіреді. Олимпиада қожайындары Италия спортшылары қанжығасына 30 медаль байлаған. Оның 10-ы алтын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz